Астана қаласы әкімдігінің "Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия" ШЖҚММК
Ресми интернет-ресурс

"Үздік мектеп сұхбаты"

2. "Үздік мектеп сұхбаты" республикалық байқауы
Мектеп парламенті "Үздік мектеп сұхбаты" республикалық байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орынды иеленді. Байқау барысында оқушылар өз мектебі туралы қызықты әрі мазмұнды сұхбат жүргізіп, шешендік қабілеттерін танытты. Олардың сұхбат жүргізудегі кәсібилігі мен шығармашылық ізденістері қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Бұл жеңіс – мектеп парламентінің ұйымшылдығы мен ұжымдық еңбегінің жемісі. Жас көшбасшыларымызға алдағы байқауларда да сәттілік тілейміз!