1. "Тікелей эфирде Парламент" қалалық байқауы
Мектебіміздің мектеп парламенті "Тікелей эфирде Парламент" қалалық байқауында өздерінің белсенділігі мен көшбасшылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, ІІ орынға ие болды. Байқау барысында оқушылар тікелей эфирде пікірталас өткізіп, өз ойларын жүйелі жеткізе білуімен ерекшеленді. Бұл жетістік – олардың шығармашылық ізденісі мен ұжымдық жұмысының нәтижесі. Осындай белестерді бағындыру – мектеп парламентінің біліктілігін айқындайды. Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!