Құрметті ата-аналар!
2025-2026 оқу жылы бойынша Астана қаласы әкімдігінің «Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК 1-сыныпқа құжаттар қабылдау 01 сәуір мен 31 тамыз аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз!
Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
- Ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші, келісім шарт
- Туу туралы куәлік көшірмесі
- № 065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты.
- Өлшемі 3х4см сурет ( 2 дана)
- Ата-аналар балаларының құжаттарын электрондық үкіметтің egov.kz веб-порталы арқылы немесе қағаз нұсқада тапсыруға болады.
- Балалардың құжаты ата -анасы мен заңды өкілінен қабылданады.
- 6 жастан бастап және ағымдағы жылдың соңына дейін 6 жасқа толатын балалар 1- сыныпқа қабылданады.
Қабылдау бөлімі:
Астана қаласы, Көктал 2 ауданы, Құсмұрын №2
Бастауыш блок ғимараты. 1 қабат, 103 кабинет
Уақыты: 9:00-13:00
14:00- 17:00
- Балаңызды мектепке уақытылы тіркеуді ұмытпаңыз!