Мектептің іргетасы 2011 жылы қаланып, 1 қыркүйекте білім алушыларға айқара есігін ашты.

Білім ордасы Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 31 тамыздағы №22 – 864 Қ қаулысымен орта мектеп болып құрылды.

 

Заңды тұлға ретінде Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 қазанында тіркеуден өтіп, №41460 – 1901 – ММ куәлігін алды.

 

2018 жылы білім ордасы "гимназия" статусын алды. 

 

2020 жылы Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының есімін иеленді.

 

2024 жылы мектеп-гимназия КММ (коммуналдық мемлекеттік мекемесі)-нен

ШЖҚ МКК (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын) статусына ауысып, қызмет атқаруда.