Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды
Ашылған жылы: 2011 жыл 1 қыркүйек
Мектептің жалпы ауданы: 3645,7 ш.м
Білім беру мекемесінің типі: Жалпы орта білім беру ұйымы
Меншік түрі: шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық бағыт
Сынып жиынтығы: 57
Оқушы саны: 1370
Оқытушы саны: 106
Оқу кабинетінің саны: 70
Мәжіліс залы: 2
Спорт залы: 3
Кітапхана қоры: 18840
Оқу залы: 24 орын
Steam кабинет: 1
Асхана: 2 (орын саны 258+180, жалпы 438 орын)
Мекен-жайы: Астана қаласы, Көктал 2 т.а., Құсмұрын көшесі, 2
Телефон: + 7 (7272) 50-15-52
Е-mail: h68kz@mail.ru
Инстаграмм: https://www.instagram.com/68_gymnasium?igsh=NWVqanE2ZHNwa2Y2
Фейсбук: https://www.facebook.com/schoolgymnasium68
Міржақып маршы
Сөзін жазған: Б.Өмірбек Әнін жазған: Ж. Боранбаев
Жауап іздеп сан қилы сұрағына,
Сусындаған білімнің бұлағына.
«Оян, қазақ!» дегені Міржақыптың
Алты алаштың айналды ұранына.
Қайырмасы:
Жанына мұң батқан,
Ұйқысын ұрлатқан,
Егіліп елі үшін,
Жүрегін жырлатқан,
"Бақытсыз Жамалмен",
Алашқа тіл қатқан.
Міржақып, Міржақып!
Даналығын танытты даралығы,
Қаламынан шертті сыр дала мұңы.
Биік шыңнын білімнің көкседі де,
Өлеңімен жұбатты жаралыны.
Ертеңі үшін бетке алды бетегені,
Парызы етіп ел қамы өтегені.
Жалғастырып Міржақып ұстаз жолын,
Шәкірттерін биікке жетеледі.