"Браждық комиссия" туралы бұйрық.pdf

Кауепсездек ережелер

 

КӨШЕДЕ ЖҮРУ ТӘРТІБІ МЕН ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

 

1. Көшеде жүру тәртібін орындамау транспорттың жүріп-тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.

2. Көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс. Егер бар болса, жер асты жолын пайдаланған жөн.

3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, қарсы кездескен үлкен кісіге жол бер.

4. Тротуармен келе жатып қақпадан көрінген машинаны байқасаң өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.

 

 

СУДАҒЫ, СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

 

Судағы төтенше жағдайлардың басты себептері, азаматтардың құтқарушылармен күзетілмейтін су айдындарында демалуынан, шомылуға жабдықталмаған және арналмаған жерлерде шомылуынан, судағы қауіпсіздік талаптарын білмеуінен және оларды ұстанбауынан, ішімдік ішіп шомылуынан, жүзе білмеуінен, балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуынан болып тұр. Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады.

- тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;

 

- шомыла білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;

 

- шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;

 

- жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;

 

- жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;

 

- жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;

 

- қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;

 

- суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;

 

- түнгі уақытта суға шомылмаңыздар.

 

Естеріңізде болсын!

Егерде Сізбен қауіпті жағдай төнсе, «112» Құтқару қызметінің телефон номерін теріп алыңыздар

 

 

МЕКТЕПТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

1. Дабыл қағу

2. 101 телефонына қоңырау шалып, өрт сөндірушілерді шақыру

3. Құтқару

4. Жинақталу

5. Түгендеу

 

ДАБЫЛ: Кез-келген адам (мұғалім, оқушы,күзетші) өртті көргенде жедел дабыл қағу керек.

 

ҚҰТҚАРУ: Дабылды естісімен, оқушылар сынып жетекшілердің бағыттауымен бір – бірлеп сыныптан шығып, белгіленген жерге жинаулары қажет. Құтқару кезіндегі қажетсіз есіктерді жабу керек.

 

ЖИНАЛЫС: Жиналу жерді алдын ала белгілеу қажет. Жиылыс орнына келгендер сынып немесе адамдар тобы анық бір жерді белгілеп, шашырамай сол жерде болулары қажет. Сосын әр сынып жетекші түгендеу жүргізеді.

 

ЕРЕЖЕСІ: Өрт болып жатқан бөлменің есігін жауып кетіңіз. Өрттен қашқанда басқа адамға да айтыңыз.Әсіресе өрт жайлы мұғалімге айтыңыз. Эвакуация жасаңыз. Егер өрт қауіпті болмаса өзіңіз өрт сөндіру құралдарын қолданыңыз.

 

 

САБАҚ УАҚЫТЫНДАҒЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ МЕН ТӘРТІБІ

 

ОҚУШЫЛАР: Мектеп Жарғысын орындауға, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін , мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және ұстаздар мен басқа жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қарап мектепішілік Ережені сақтауға міндетті.

 

 

САБАҚ КЕЗІНДЕ

 

Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрулары керек. Олар амандасқаннан соң және мұғалімнің рұқсатынан кейін орындарына отырады. Осылай оқушылар сабақ кезінде сыныпқа кіріп келген әрбір кісімен амандасып қарсы алулары керек. Мұғалім немесе басқа адам сыныптан шыққаннан кейін де оқушылар орындарынан тұрулары керек. Сабақ кезінде мұғалім сабақтағы тәртіп ережесін өзі орнатады. Сабақ үстінде шулауға, өзі басқа нәрсеге алаңдап және де жолдастарын да сөзге тартып, ойынмен алаңдатуға болмайды.Егер оқушы бірдеңе айтқысы, сұрақ қойғысы келсе, ол қолын көтеріп, мұғалім рұқсат берген соң сөйлеуі керек. Мұғалім басқа да тәртіп ережелерін қоя алады.Егер оқушы мектептегі сабақты қалдырса, ол сынып жетекшісіне медициналық анықтаманы немесе ата-анасынан қысқаша хат әкелуі керек. Сабақты дәлелді себепсіз қалдыруға немесе сабаққа кешігіп келуге рұқсат етілмейді.

 

 

ҮЗІЛІСТЕ ЖӘНЕ САБАҚ АЯҚТАЛҒАННАН СОҢ

 

Үзіліс кезінде оқушылар: өздерінің жұмыс орнын қалпына келтіріп қоюға; сыныптан шығуға; кезекші мұғалімдердің және де басқа жұмыскерлердің талаптарына бағынуға міндетті.Үзілісте: баспалдақтармен жүгіруге, терезе ойығы, шыны витрина немесе басқа да ойнауға арналмаған жерлерде жақын, бір-бірін итеріп, заттарды лақтыруға және күш көрсетіп жаман, былапыт сөздерді айтып қол сермеп, басқа қылықтар жасап шулауға, басқаларға демалуға, жұмыс істеуге кедергі жасауға болмайды.Асханада болғанда оқушылар: ыстық және сұйық тамақ алып жатқан кезде жан-жағына назар аударып абай болулары керек; асханадан алған немесе үйлерінен алып келген тамақты асхананың ішінде ғана жеулері керек; мұғалімдердің немесе асхана жұмыскерлерінің талаптарына бағынады: тамақты кезекпен алады: тамақтанғаннан соң үстелдің үстін жинайды.

 

 

МЕКТЕП МАҢАЙЫНДАҒЫ ТӘРТІП

 

Мектеп маңайы мектептің бөлігі болып есептеледі (мектеп учаскесі).

Мектеп учаскесінде оқушылар: оның алыңының шегінен шықпай; жалпы тәртіп ережелерін сақтап жүрулері керек.

 

 

КҮЗГІ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖҮРІС ТҰРЫСЫ

 

Күз мезгілінің ерте түскеніне байланысты өзендер мен көлдердің бетін жапқан мұздар өте қауіпті болып келеді. Бұл мұзды басуға болмайды. Күзгі мұз адам басқан салмағынан шатырлап, кауіп туралы ескертеді. Су қоймасындағы күзгі мұзды басуға кауіпті. Желмен балалар және балық аулаушылар тұрған мұз үлкен бөлшектерге бөлініп жарылған жағдайлар да болған. Оларды құтқару үшін тікұшақ және кішкене кемелер пайдаланған. Күзде балаларға су қоймаларын кесіп өтуге тыйым салынады.Күзде өзендердің мұзы жарылып кету қаупі болады сондықтан балаларға ойнауға болмайды. Мұздан мұзға секіріп, жағадан алыстау өте қауіпті. Мұндай әрекет қайғылы жағдайға әкеледі. Осы себептен балалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

 

 

 

Мұны білу қажет!

 

•Адам үшін қауіпсіз болып тұщы суда 10 сантиметрден кем емес ал тұзды суда 15 см. қалындықты мұз болып саналады.

•Өзен сағасында және саласында мұз әлсіз келеді. Мұз жылдам ағыс орындарында, су бұрқақтап ағып жатқан және ағып жатқан жерлерде, сондай-ақ балдыр өсетін аудандарында, ағаштарға, көшет және қамыстарға жақын жерлерде әлсіз.

•Егер 3 күннен аса ауа температурасы 0 градустан жоғары болып тұрса, онда мұздың беріктігі 25% төмендейді.

•Мұздың беріктігін көзбенде анықтауға болады: мұз көгілдір түсті – берік, ақ – оның беріктігі 2 есеге кем; сұр, күнгірт-ақ немесе сары реңкті болса мұз осал.

Су тасқыны болған жағдайда қайғылы оқиғалар жиі балалармен болады.

Күзгі су тасқыны уақытында балалардың өзенге баруына тыйым салыңыз

 

 

ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖҮРІС ТҰРЫСЫ

 

Қыс кезінде жолдағы қауіпсіздіктің негізгі ережесі – сақтықты жоғарлату және ықыласпен жолға қарау.Қыста күн қысқа. Ерте қараңғы түседі. Қараңғы уақытта жолда келе жатқан көліктің қашықтығын анықтау қиынға түседі. Себебі, жақындағы машиналар алыста, алыстағы машиналар жақын орналасқандай көрінеді. Қараңғыда және алакөлеңкеде аса мұқият болған жөн. Жолды тек қана бағдаршам орналасқан және жаяу өтетін жерлерден ғана өткен жөн.Қар жауып тұрған кезде көздің көруі төмендейді, күртік карлар пайда болады, жаяу жүргіншілермен көліктердің қозғалысында қиындықтар пайда болады. Қар жаяу жүргіншінің көзін шағылыстырады және жолды бақылауға бөгет жасайды.Ашық күннің өзі кедергі. Себебі ашық күн сәулесімен ақ қар шағылысып, адамдар «соқыр» болып қалады. Сондықтан аса сақ болу қажет.Қыс уақытында жаяу жүргіншілер бөлігінен өтетін кезде келе жатқан машинаны өткізіп барып немесе оның тоқтағаннын көргеннен кейін ғана өте қажет. Жүргінші бөліктен машина келе жатқанда ешқашанда жүгіріп өтпе! Ақырындап және аса сақтықпен өткен жөн.Көктем уақытында қар ақырындап ери бастағанда жерде көлшіктер пайда бола бастайды. Және олардың астында ерімеген мұздар жатады. Жолдар өте тайғақ бола бастайды. Сондықтан жолдан өтер кезде, келе жатқан көліктерді жіберіп, асықпай жолдан өту керек.Жылы қысқы киім адамның емін - еркін қозғалуына кедергі жасайды, адамның жүрісін баяулатады. Сүрініп қалғанда, мұндай ауыр салмақты киіммен теңдікті ұстау қиын болады.Оталмай тұрған көліктің жанында тұрма! Көлікті итермеуге тырыс! Дөңгелектің астынан мұздың ұнтақтары немесе тастар шашырауы мүмкін. Ал ең бастысы- көлік қатты жылдамдықпен жүріп, өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.

 

 

КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖҮРІС ТҰРЫСЫ

 

Су тасқыны және сең жүру кезiнде жарылайын деп тұрған жағалауда болу қауiптi, себебi судың тез ағуы оны шайып өтiп бұзады. Мiне, сондықтан көктемде әсiресе өзеннiң мұзы сетiлуi және сең жүрген кезде балаларды қадағалауды мейлiнше күшейткен жөн, олармен түсiндiру жұмыстарын өткiзу қажет.Осы кезеңде көктемгi мұздың өте қауiптi екенiн ұмытпау керек, ол сырт жағынан қатты секiлдi көрiнсе де күн шуағы мен тұман су айдынының сетiлуiне дейiн оны қуыс, борпылдақ қылады. Мұндай мұз көлiктiк құралдарды айтпағанда адамның салмағын да көтере алмайды. Көктемде су айдындарынан өтуге қатаң тыйым салынады. Әсiресе өзеннiң сетiлуi кезiнде мұзда ойнауға жол берiлмейдi. Мұздан мұзға секiрiп және жағалаудан алыстауға болмайды. Мұндай қылықтар әрине, қайғылы аяқталады.Осындай немқұрайлылық кейде қайғылы аяқталады. Көктемде балалардың ойнайтын жерлерiн бақылауды күшейткен жөн.

 

 

Ата-аналар және оқушылар!

 

Балаларға әсiресе, сең жүру кезiнде үлкендердiң қарауысыз өзенге баруларына жол бермеңiздер; оларды өзендер мен көлдердiң ашылуы кезiнде мұзда болу қауiптi екенiн ескертiңiздер. Балаларға су тасқыны кезеңiнде өзiн-өзi ұстау ережелерi жөнiнде айтыңыздар, оларға суда ойнауға тыйым салыңыздар, желiкпелiктiң жолын кесiңiздер. Жарылған мұз, салқын су, судың тез ағу қаупi өлiмге әкелуi мүмкiн. Есте сақта, су тасқыны кезеңiнде, тiптi болмашы сең жүргенде әр қашан балалармен бақытсыз жағдайлар болады.

Көктемдегi су тасқыны және сең жүру кезiнде тыйым салынады:

•Көктем кезiнде су айдынына шығуға;

•Сең жүрген кезде өзен арқылы өтуге;

•Мұзы жарылған өзенге жақындауға;

•тасқын су және опырылатын жағалауда тұруға;

•көпiрлерде, бөгеттерде және бөгеулерге шығуға;

•опырылған мұзға жақындауға;

•сеңдердi жағалаудан итеруге;

•өзеннiң немесе басқа су қоймасының тереңдiгiн өлшеуге;

•сең үстiнен жүруге және онымен сырғанауға.

 

 

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖҮРІС ТҰРЫСЫ

 

Жаз демалыс үшін өте жақсы кезең. Өзіне және өз денсаулығына пайдалы су жанында демалу үшін жүзу, судағы жүріс-тұрыс қағидасын білу қажет

Шомылуға аса қолайлы режимдер:

- тамақ ішкеннен соң 1,5 сағат уақыттан кейін шомылған жөн;

- балалар жағаларында шомылған дұрыс, олар төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған қажетті құралдармен жабдықталған және қамтамасыз етілген;

- ұмытпаңдар, балаларға, жанында ересектер болғанда ғана шомылуға рұқсат етіледі;

Барлығы мынаны есте сақтаған жөн:

- тек рұқсат етілген және қасында ересектер болған жағдайда шомылуға болады;

- таныс емес жерлерде сүңгуге болмайды – түбінде батып кеткен бөренелер, тастар, тырбиған ағаштар болуы мүмкін;

- батпақты жерлерде, балдырлар мен ұйықтар бар жерлерде шомылмаған жөн;

- еш жағдайда үрлемелі матрастармен, автокөлік камералармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге болмайды – қол астындағы құрал сынып қалуы, жыртылып қалуы мүмкін, адам күтпеген жерде суда қалады, бұл тіпті жақсы жүзе алатын адам үшін де өте қауіпті;

- қайыққа жармасуға, навигациялық жабдық белгілерінен (бакендер, буйктар мен т.б.) асып кетуге болмайды;

- дауылды ауа райында немесе қатты толқында шомылуға болмайды;

- егер де сіз қатты су ағысына түсіп қалсаңыз, ағысқа қарсы жүзбеңіз, оған сіздің күшіңіз жетпейді, бұл жағдайда ағыс бойымен жүзіңіз, біртіндеп жағаға жылжый беріңіз;

- егер тартпаға түсіп қалсаңыз, қорықпаңыз, көбірек ауа алып, сүңгіңіз және одан кері қарай бұрылыңыз;

- егер етіңіздің сіңірін тарып қалса, арқаңызға жатып жағаға қарай жүзіп, сіңіріңіз тартылып қалған жерді уқалаңыз;

- көмекке ересектерді шақыруға ұялмаңыз;

- жалған дауыс беруге болмайды