Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясы – жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беретін білім ордасы. Өркениетті, азаматтық тұлғасы мен адамгершілік қасиеті мол, әділетті көзқарасты ұстанған ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосуда. Жаһандану дәуірінде рухани дамыған, сондай-ақ ұлттық құндылығын жоғалтпаған, бәсекеге қабілетті, өнерлі, терең білімді шәкірт тәрбиелеуді негізгі мақсат тұтады.
Бүгінде ұжымда озық тәжірибелі, заманауи, коммуникативті, білімді, жаңа технологияларға икемді, үздіксіз даму жолына түскен 183 ұстаз жұмыс істейді. Екі ауысымда қызмет атқаратын мектеп 2727 шәкіртке білім беруде.
Мектепте ұстаздар мен шәкірттердің шығармашылықпен айналысуына қолайлы жағдай жасалған. Соның нәтижесінде біздің оқушыларымыз түрлі деңгейдегі республикалық, қалалық, аудандық олимпиада мен жарыстардың, байқаулар мен сайыстардың жеңімпаздары атанып келеді.
Еліміздің ертеңі бәсекеге қабілетті білім иелерінің қолында. Сондықтан да мектеп-гимназия ұстаздары өскелең ұрпаққа жан-жақты терең білім беру, ұлттық құндылықтарымызды бағалауға және салт-дәстүрлерімізді құрметтеуге тәрбиелеу міндеттерін өздерінің абыройлы парызы деп түсініп, қажымай еңбек етуді мақсат тұтуда.